Нетаньяхудың 12 жылдық премьер-министрлігі аяқталды
(last modified Mon, 14 Jun 2021 12:49:13 GMT )
Маусым 14, 2021 18:49 Asia/Almaty
  • Нетаньяхудың 12 жылдық премьер-министрлігі аяқталды

Израиль Кнессетінде жаңа кабинетке сенім дауысын беру үшін жиналыс өтті. Ақырында Нетаньяху биліктен кетті.

13 маусымда өткен Кнессет жиналысы жайлы сөз көп.

2009 жылдан бері Израильдің Премьер-министрі болған Беньямин Нетаньяху 12 жылдық қызметтен кейін кеше тағы да билікте қалып, кабинет құруға кедергі жасауға тырысты. Нетаньяхудың Кнессеттегі жақтастары жанжал шығарып, Ликуд партиясы жетекшісінің биліктен кетуіне тосқауыл қоюға тырысты. Алайда Кнессет төрағасы олардың бірқатарын мәжіліс залынан шығарып жіберді.

Басқа бір жайт: Нетаньяху мен оның Парламент іші мен сыртындағы жақтастырының кешегі әрекеттері 2021 жылы қаңтарда АҚШ-та болған оқиғаларға, Дональд Трамп жақтастарының Конгреске шабуылына қатты ұқсап кетті. Мұндай қатынас түрі Трамп пен Нетаньяху сияқты адамдар үшін демократия және билікті бейбіт түрде тасымалдау деген ұғымдардың мәнсіз екенін көрсетті.  

Және бір тақырып: Нетаньяху кеше "Жуырда билікке қайта ораламын" деп айту арқылы Израиль қоғамы мен өзінің саяси бәсекелестеріне екі жолдау жеткізгісі келді. Бірінші жолдау: Нетаньяху мен оның одақтастары жаңа кабинетті құлату үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Екінші жолдау: Нетаньяху билікке қайта оралуға уәде бергенімен Израиль сотында өзіне қарсы қозғалған жемқорлық істеріне алаңдаулы. Нетаньяхудың өткен екі жылда премьер-министрлік лауазымын уысында ұстап қалуға тырысуының бір себебі жемқорлық істері салдарынан түрмеге тоғытылудан қорқу болды.

Тағы бір мәселе: Израиль Кнессеті кеше жаңа кабинеттің құрылғанына куә болды. Бұл кабинеттің басты ерекшелігі – тым осалдығы. Нафтали Беннет кабинетті басқаруды өз міндетіне алды. Кабинетте солшыл, ұстамды және араб партияларының өкілдері бар. Ал Беннеттің өзі  "Ямина" әсіре оңшыл партияны басқарады. Израильде бұрын-соңды мұндай түрлі бағыттағы адамдардың басып біріктірген кабинет болған емес.