Сирия мен Ирактың ресурстарының талан-таражға салынуы - халықтың американдық басқыншылардан шығуды талап етуінің себебі
(last modified Mon, 21 Jun 2021 13:59:39 GMT )
Маусым 21, 2021 19:59 Asia/Almaty
  • Сирия мен Ирактың ресурстарының талан-таражға салынуы - халықтың американдық басқыншылардан шығуды талап етуінің  себебі

Батыс азиялық аймақтың ғана емес, әлемнің кез-келген жерінде американдық басқыншы күштердің орналасуы аймақ халықтары үшін тұрақсыздық, сенімсіздік және осы азаптан басқа ешнәрсе әкелмеді. Америкалықтардың сөздеріне қайшы, олар аймақта қауіпсіздік пен тыныштық туғызбас түгілі, олар үшін көптеген қиындықтар тудырды.

 

 

Осы тұрғыда АҚШ басқыншы күштері мен олардың террористік элементтері мен жасақтары Сирияның солтүстік және шығыс аймақтарында және Ирактың солтүстігінде көптеген жылдар бойы болған және заңды үкімет пен Ирак үкіметінің бірнеше рет жасаған өтініштеріне қарамастан, олар әлі күнге дейін территорияны басып алып, бұл аймақтардың мүлкі мен мұнай ресурстарын және ауылшаруашылық өнімдерін тонауды жалғастырып келеді.

Сирияның «Әл-Ахбария» телеарнасы дүйсенбі күні Сирия жеріндегі АҚШ күштерін тонаудың тағы бір қырын әшкереледі. Сириялық бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ басқыншы күштері «Кассадтың» террористік элементтерімен (АҚШ-қа тәуелді жалдамалылар) келісіп, сириялық бидай мен мұнайды тонауды жалғастырып жатқанын хабарлады. Жақында олар Сирияның аралдық аймағынан (Сирияның шығысы мен солтүстігі) бидай таситын 32 жүк машинасын Ирактың солтүстігіндегі базаларына жеткізді және тек өткен мамырда кен орындарынан бидай таситын 150-ден астам жүк көлігі мен 500-ден астам мұнай цистерналарын тасымалдады. Американдықтардың басты мақсаттарының бірі, олардың Сирияның солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Ирактың солтүстігінде өздерінің басқыншы күштеріне қажет ресурстарды қамтамасыз етумен қатар, Кассад содырлары сынды террористік  жалдамалы топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

Американдық басқыншылар елдің солтүстігіндегі Сирия халқының ресурстарын тонап жатқанда, бұл аймақтардың тұрғындары кейбір жағдайларда олардың содырлармен қақтығысуына себеп болған шерулер өткізуде. Қақтығыстарда олардың бірқатары өлімге ұшырап,  басқалары жаралануда. Халық шерулерінде американдық күштердің болуына және олардың әрекеттеріне қарсы екендіктерін жариялады. Бірнеше апта бұрын Сирияның Алеппо облысындағы араб тайпалары Манбидж халқына қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жариялап, «Кассадтың» қарулы содырларына қарсы тұру үшін тайпалардың бірлігі қажет екенін қуаттады. Сондықтан, осындай әрекеттерге байланысты бұл аймақтардың тұрғындары, сондай-ақ Ирактың солтүстігі тұрғындары американдық басқыншы күштердің болуынан шаршады және американдық басқыншылықтың тоқтатылуын қалайды.

 

 

 

Тегтер