Түркімен-ауған шекарасына ауыр әскери техника жіберілді
Шіл 11, 2021 17:17 Asia/Almaty
Түркіменстан Ауғанстан шекарасына ауыр әскери техниканы жеткізуді бастады.
Бүгін, жексенбі күні Ауғанстан шекарасынан 4 км қашықтықтағы Сорхабад (бұрынғы Кушк) қаласында Түркіменстан әскери техникасы, оның ішінде танктер, артиллерия және бронетранспортерлер орналасты. Бұл шешім Талибан мүшелері Түркіменстанға жақын шекара аймақтарын басып алғаннан кейін қабылданды. Ауғанстанның ақпарат агенттіктері сонымен қатар Талибан мүшелерінің Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясындағы екі қаланы, соның ішінде Иранмен шекаралас Ислам Қала мен Түрікменстанмен шекарадағы Тургундиді басып алғанын растады.