Ирактағы Ислам революциясы жетекшісінің өкілі бұл елдің халқына көңіл айтты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i53932-Ирактағы_Ислам_революциясы_жетекшісінің_өкілі_бұл_елдің_халқына_көңіл_айтты
Ирактағы Ислам революциясы жетекшісінің өкілі Ирак халқы мен Имам Хусейн (ғ.с.) атындағы ауруханадағы өрттін салдарынан қаза тапқан ондаған науқастың жақындарына көңіл айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 14, 2021 18:41 Asia/Almaty
  • Ирактағы Ислам революциясы  жетекшісінің өкілі бұл елдің халқына көңіл айтты

Ирактағы Ислам революциясы жетекшісінің өкілі Ирак халқы мен Имам Хусейн (ғ.с.) атындағы ауруханадағы өрттін салдарынан қаза тапқан ондаған науқастың жақындарына көңіл айтты.

 

IRNA-ның хабарлауынша,  Сейед Моджтаба Хұсейни Ирак халқына, әсіресе қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Бұл жолдауда Сейед Моджтаба Хұсейни Ан-Насирия халқының елді ДАИШ лаңкестерінен тазартудағы күресіне және олардың БААС партиясына қарсы күресінің тарихына тоқталды. Соңғы мәліметтерге сәйкес Ирактың Дхи-Кар провинциясындағы ауруханалық ақпарат көздері Ан-Насирия қаласындағы Әл-Хусейн (ғ.с.) ауруханасындағы  өртте қаза тапқандардың саны 124 адамға жеткенін мәлімдеді.