Саад Харири Ливанның министрлер кабинетін құрудан бас тартты
Ливан кабинетін құруға міндеттелген елдің премьер-министр Саад Харири 15 шілдеде бұл міндеттен бас тартты.
Ливандағы ұзақ жылдарға созылған саяси тығырыққа себеп болған 4 тамыздағы Бейрут портындағы жан түршігерлік жарылыстың жылдығынан бір айдан аз уақыт өтті. Жарылыстан кейін Хасан Диаб үкіметіне қарсы халық митингілері өтіп, ол Ливан премьер-министрлігінен отставкаға кетті. Бірақ ол жаңа кабинет құрылғанға дейін премьер-министр қызметін жалғастыруға міндетті болды. Бастапқыда министрлер кабинетін құруға міндетті болған Мұстафа Адиб бір айдан кейін бұл жұмысты орындай алмайтындығын мәлімдеді және 2020 жылдың қазан айында Саад Харири Ливан Президенті Мишель Аунның тарапынан министрлер кабинетін құруға міндеттелді. Бірақ тоғыз ай сәтсіздіктен кейін Харири бұл міндеттен бас тартты. Хариридің министрлер кабинетін құра алмауының басты себебі - Ливан Президенті Мишель Аунмен келіспеушілігі. Мишель Аун премьер-министр министрлер кабинетін президенттің келісімімен құруы керек деп санайды. Харири президенттің көзқарасымен келіспейді және президенттікті тек министрлер кабинетін мақұлдайтын салтанатты қызмет деп санайды. Бұл тақырып тараптар арасында дау тудырды. Соңғы күндері Хариридің министрлер кабинетінен кетуге бас тартқысы келетіні туралы көптеген хабарлар таралды. Харири бейсенбі күні Ливан Президентімен кездесіп, 24 министрден құрылған кабинет тізімін Мишель Аунға тапсырғанын, Аунның тізімге өзгерістер енгізуді ұсынғанын, бірақ оның ұсынысты қабылдамағанын мәлімдеді. Хариридің Мишель Аунмен бейсенбідегі кездесуден бұрын да қызметінен кетуге және жаңа есімдерді президентке тапсыруға дайын болғаны көрінеді. Осы саяси іс-әрекетімен Харири Мишель Аунның саяси имиджіне нұқсан келтіріп, оны жеке және ағымдағы мүдделерді көздейді деп айыптауға, сонымен қатар Аунның алдағы жылдары президенттік қызметке қайта келуіне жол бермеуге және министрлер кабинетін құра алмады деген сылтаумен өзінің Ливанның саяси саласындағы белсенділігіне кедергі болуының алдын алуға талпынды деген ой туады.