Башар Асад ант берді
Шіл 17, 2021 17:26 Asia/Almaty
Сирия Президенті Башар Асад сенбі күні Сирия парламентінің төрағасы мен мүшелерінің алдында ант берді.
Башар Асад парламентте ант бергеннен кейін: «Бостандық жолын білетін халықтар өз құқықтарын қорғаудан жалықпайды. Кейбіреулер елді бөлгісі келді, бірақ халық өздерінің бірлігімен олардың жобаларын сәтсіздікке ұшыратты. Халықтың президенттік сайлауға кеңінен қатысуы да үлкен ұлттық сана-сезімнің айғағы. Сайлау тәжірибесі үкіметке заңдылық беретін ұлт екенін дәлелдеді»,- деді.
Башар Асад өткен айда өткен президенттік сайлауда 95 пайыздан астам дауыспен жеңіске жетті.
Тегтер