Ливанның исламдық қарсыласу қозғалысы сионистік режимнің позицияларын атқылады
Там 07, 2021 15:54 Asia/Almaty
Ливан исламдық қарсыласу қозғалысының әскери ақпарат тарату штабы кеше таңертең сионистік режимнің Шабаадағы позицияларына зымырандық шабуылдары түсірілген видеоны таратты. Бұл шабуыл Израильдің басқыншылығына жауап деп жарияланды.
Штабтың айтуынша, Ливанның исламдық қарсыласу қозғалысына қарасты шәһид Әли Камел Мохсен мен шәһид Мұхаммед Қасым Тахан атындағы топтар 122 мм-лік зымырандармен сионистердің Шабаадағы позицияларының атырабындағы бос жерлерге шабуыл жасады.