Хания: Ислам үмбетінің негізгі мәселесі – Палестина
https://itolqyn.com/news/west_asia-i54472
Палестинаның Хамас исламдық қарсыласу қозғалысы саяси кеңсесінің басшысы: «Қарсыласу қозғалысы және оның басты өзегі ИИР бізге сөзбен де, іспен де стратегиялық көмек беріп отыр»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 09, 2021 16:43 Asia/Almaty
  • Хания: Ислам үмбетінің негізгі мәселесі – Палестина

Палестинаның Хамас исламдық қарсыласу қозғалысы саяси кеңсесінің басшысы: «Қарсыласу қозғалысы және оның басты өзегі ИИР бізге сөзбен де, іспен де стратегиялық көмек беріп отыр»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Исмаил Хания Хабар арнасының «Кешкі айдар» атты бағдарламасына қатысып, қарсыласу қозғалысындағы соңғы өзгерістер туралы: «Ирандағы президенттік сайлау аймақта жаңа исламдық өркениеттің үлгісін көрсетті»,-деді.

Ол: «Иран президентінің инаугурация рәсімінде түрлі елдер өкілдерінің қатысуы Ислам революциясынан 42 жыл өтсе де, Иранның құдіреті мен ықпалының зор екенін көрсетеді»,-деді.

Хания: «70 жылдан аса күрестен кейін палестиналықтар өз жеріне тамыр жайып, нығайып келеді, сондықтан кез келген сәтте интифазаға дайын»,-деді.