Бахрейн режимі мұхаррам рәсімдеріне қарсы
(last modified Fri, 13 Aug 2021 17:52:02 GMT )
Там 13, 2021 23:52 Asia/Almaty

Бахрейндегі Але Халифе режимінің қауіпсіздік күштері мұхаррам айындағы рәсімдердің алдын алу үшін бірнеше қалада Ашура байрақтары мен баннерлерін жинады.

«Әл-Аһд» ақпарат агентігінің бейсенбі күні хабарлауынша, Бахрейн қауіпсіздік күштері әл-Мұсалла қаласында хұсейндік байрақтарды жинап, әл-Баладе және әл-Белад ул-Қадим қалалары бағытындағы мұхаррам айының баннерлерін жерге тастады.

Бахрейндегі «Джау» түрмесінің 5-ші ғимаратының тұтқындары түрме әкімдігі мұхаррам рәсімдерін өткізуге рұқсат бермеген соң наразылық акциясын өткізді.

Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері де Қатифтегі әл-Масале мешіті мен имам Хұсейн діни орталығының басшыларына 60 мың риал (шамамен 16 мың доллар) айыппұл салып, мұхаррам рәсімдерін өткізуге тыйым салды.