Сейіт Хасан Насролла: АҚШ және Израильмен жауласып жүргенімізді мақтан тұтамыз
(last modified Mon, 23 Aug 2021 14:00:14 GMT )
Там 23, 2021 20:00 Asia/Almaty

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: «Қарсыласу қозғалысы АҚШ және оның үстемшілдігімен, сионистік режим және оның жобаларымен жауласып келеді. Және бұл жауластықты мақтаныш санайды»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, сейіт Хасан  Насролла жексенбі күні қарсыласу қозғалысы қолбасшыларының бірі шәһид Аббас Елтиами Абу Мейсамды еске алу рәсімінде: «АҚШ елшілігінің барлық шаралары жеңіліс тапты. Ливандағы АҚШ елшілігі Ливан халқының тұрмысын бұзуды көздеп, әрбір іске араласып келеді. АҚШ және Сауд Арабиясының елшіліктері өткен жылдарда Ливанда азаматтық соғыс жасауға талпынды»,-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: «Иранның екінші танкері алдағы бірнеше күнде Ливанға жіберіледі. Келесі танкерлер де оған қосылады. Бұл бір-екі кеме жайлы әңгіме емес. Бұл – бір үздіксіз үдеріс. Ливанда жанармайға қажеттілік бар кезде бұл үдеріс жалғаса береді»,-деді.