Иран Сыртқы істер министрі Ирак Президентімен кездесті
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Бағдадта «Иракты қолдау» атты аймақтық отырыс аясында осы елдің басшысы Бархам Салехпен кездесті.
Амир Абдуллахиан Иран Президенті сейіт Ибраһим Раисидің Бағдад отырысының сәтті өтуімен құттықтағанын жеткізіп, Теһран үкіметінің Ирактың тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігін қолдайтынын айтты.
Ирак Президенті Бархам Салех осы кездесуде ИИР делегациясының аталмыш отырысқа қатысқанына алғыс айтып, Иран Сыртқы істер министрінің Иракқа алғашқы сапарын маңызды деп атап, Иранның Иракқа қолдау көрсетіп отырғанына алғыс айтты.
Аймақтық өзгерістер, аймақ елдерінің сауда-экономикалық әріптестігі және екі елдің экономикалық байланыстарын дамыту Иран Сыртқы істер министрінің Ирак Президентімен сұхбатында талқылаған тақырыптардың қатарына жатады.