Иранның Сирия және Иракпен қарым-қатынасы стратегиялық сипатта
(last modified Mon, 30 Aug 2021 17:31:11 GMT )
Там 30, 2021 23:31 Asia/Almaty
  • Иранның Сирия және Иракпен қарым-қатынасы стратегиялық сипатта

ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Ирак пен Сирияға сапарын аяқтап, дүйсенбі күні таңертең Теһранға қайтып оралды.

Амир Абдуллахиан алғашқы сапарында «Ирак үшін бірлік» атты конференцияға қатысып, екіжақты кездесулер өткізу үшін  Бағдадқа барды.

Иран Сыртқы істер министрі сапарының екінші күнінде Сирияға барып, Башар Асадпен  кеңесер алдында өзінің сириялық әріптесі Фейсал Микдад және басқа да басшылармен, сондай-ақ палестиналық күрескерлердің басшыларымен кездесті.

Сирия Президенті Башар Асад Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінде ИИР-ның Сирияға қолдау көрсетіп отырғанына алғыс айтып, екі елдің екіжақты, аймақтық және халықаралық тақырыптар бойынша ынтымақтастығы жайлы көзқарасын білдірді.   

Ирак пен Сириядағы қарсыласу қозғалысының ДАИШ лаңкестік тобымен күрестегі  жеңістері және сионистік режимнің басқыншылықтарына төтеп беру жолындағы жетістіктері осы қарсыласу өзегінің әскери тұрғыда сәтті әрекет еткенін дәлелдеді. Бірақ экономикалық соғыс және Иран мен Сирияға қарсы таңылған санкциялармен күресу осы салада бірлесе және үйлесе әрекет етуді қажет етеді. Әсіресе Иран, Сирия мен Ирактың қарым-қатынасы экономикалық және қауіпсіздік себептерге және аймақтағы геосаяси ерекшеліктерге байланысты стратегиялық маңыздылыққа ие.

Иран Сыртқы істер министрі Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Микдадпен кездесуден кейін: «Екі елдің жеке секторларының өкілдері мен кәсіпкерлердің әріптестігі осы сапарда айрықша талқыланған тақырыптардың бірі болды»,-деді.

Иран мен Сирия қазір дұшпандардың зұлым санкцияларына төтеп беру үшін сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жоспар құрып жатыр. Олар бірлесе экономикалық терроризммен күресіп, екі елге көмектесу жолында үлкен қадамдар жасай алады.

Мұнымен қоса, Сирия өз экономикасын қайта жандандырумен айналысып жатыр, сондықтан көптеген инфрақұрылымды қажет етеді. Бұл яғни кәсіби салаларда шамамен 4 мың миллиард долларлық нарық бар деген сөз. Сол себепті қазіргі жағдайда екі елге қарсы зұлым санкциялармен күресу мақсатында және қаржы-валюталық қатынастағы кедергілерді жою үшін өнеркәсіп, энергетика, инвестиция, сауда, айлақтар салаларында өзара әріптестікті нығайту және ортақ жобаларды орындауды жылдамдату стратегиялық маңыздылыққа ие.

Сирияның Экономика және сыртқы сауда министрі Мұхаммед Самен әл-Халил қаржы айналымындағы қиындықтарды шешу туралы: «Сирияның Теджарат банкі мен 3 ирандық банк арасында келіссөздер жүріп жатыр. Бұл  келіссөздердің жақсы ілгерілеуде. Мәселе шешілсе, компаниялар, кәсіпкерлер мен экономикалық белсенділер оп-оңай қаржы алмасатын болады»,-деді.

Теһран: «Аймақтағы кез келген саяси-экономикалық және қауіпсіздік жүйесі  аймақ елдері, соның ішінде Сирияның қатысуымен қалыптасады. Сондықтан қарсыласу қозғалысына экономикалық қатынасты қосу керек. Иран, Ирак пен Сирия интеграция арқылы нығайып, ортақ түйткілдерді шешіп, аймақтың болашақта одақтасуына маңызды қадам жасай алады»,-деді.  

Осы тұрғыдан он үшінші үкіметтің жалпы дипломатиясының ең жақсы бастамасы қарсыласу қозғалысында қорғаныс саласында әріптестікпен бірге экономикалық интеграцияны ілгерілету бола алады. Иран Сыртқы істер министрінің Ирак пен Сирияға сапары және Бағдад пен Дамаскта өткізген келіссөздерінің маңыздылығын осы аяда бағалау керек.