Насролла: Ливанның жаңа үкіметінің құрылуын құптаймыз
(last modified Tue, 14 Sep 2021 10:19:37 GMT )
Қыр 14, 2021 16:19 Asia/Almaty

Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейед Хасан Насролла елде жаңа кабинеттің құрылуын құптады.

IRNA агенттігінің Al-Mayadin-ге сүйеніп берген мәліметінше, Насролла: «Біз премьер-министр Хасан Диабқа шыдамдылық танытқаны үшін және осы жауапкершілікті қабылдағаны үшін алғыс айтамыз»,- деді.

Насролла сөзінің басқа бөлігінде Ираннан Ливанға жанармай тасымалдайтын кемелер мәселесіне тоқталып: «Жанармай тасымалдайтын бірінші кеме жексенбіге қараған түні Бания портына келді және бүгін кеменің отын түсіру жұмыстары аяқталды және бейсенбіде мұнай туындыларын Бекиаға тасымалдау басталады. Кейбіреулердің кеме жіберу туралы уәдені тек бұқаралық ақпарат құралдар үшін хабар және орындалмайды, сондай-ақ израильдіктер кемелерді нысанаға алады деген болжамдары қате болды. Ираннан жанармай тасымалдайтын үшінші кемені жіберуге қажет дайындық жүргізілді және төртінші кеме кейінірек жіберіледі»,- деп хабарлады.