Генерал-майор Бағери Ирактың солтүстігіндегі лаңкестік және антиреволюциялық топтарға ескерту жасады
Қыр 19, 2021 19:19 Asia/Almaty
Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы Ирактың солтүстігіндегі лаңкестік және антиреволюциялық топтардың авантюристік әрекеттері жайлы ескерту жасады.
Генерал-майор Бағери Сақшылар корпусының жуырда Ирактың солтүстігіндегі Күрдістан аймағында атқарған амалдарына тоқталып: «Аймақ басшылығы мен Ирак үкіметі осы топтармен күресу үшін шара қолданулары керек»,-деді.
Ол америкалықтарға ескерту жасап: «Осы аймақтағы АҚШ базасы антиреволюциялық, лаңкестік ошаққа айналған. База жабылуы тиіс»,-деді.
Генерал-майор Бағери: «Мұндай топтармен күресу біздің құқығымыз. Мұндай құқықты бізге БҰҰ-ның жарғысы берді»,-деді.