Аймақтағы өзгерістер және екіжақты қарым-қатынас Амир Абдуллахианның Башар Асадпен сұхбатының басты өзегі болды
(last modified Sun, 10 Oct 2021 15:07:34 GMT )
Қаз 10, 2021 21:07 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі мен Сирия Президенті аймақтағы өзгерістер және екіжақты қарым-қатынас туралы пікір алмасты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сенбі күні Башар Асадпен кездесуінде екі елдің жоғары лауазымды тұлғаларының ауқымды қатынасының Иран мен Сирия арасында терең байланыстың барын көрсететінін айтып, Сирияны саяси, халықаралық және соғыс алаңдарындағы жеңістерімен құттықтап: "БҰҰ Бас ассамблеясының соңғы отырыстарындағы дипломатиялық кеңістік жағдайдың Сирияның мүддесіне қарай өзгергенін көрсетеді",-деді.

Абдуллахиан ИИР-ның Ауғанстандағы өзгерістерге қатысты саясатын баяндай келіп: "Біз Ауғанстанда барлық тараптар, соның ішінде Талибанмен байланыстамыз. Оларды біріккен үкімет құруға шақырамыз",-деді.  

Башар Асад та осы кездесуде АҚШ-тың Ауғанстаннан шығуын жаңа күштердің пайда болып, Батыс блогының құлдырауының белгісі деп атап: "Аймақ елдері мен Ауғанстанға көршілес елдер АҚШ-тың Ауғанстанда істеген істері мен ұстанған саясатына жауапкершілікті қабылдамайтынын біледі. Ал ИИР-да Ауғанстандағы өзгерістердің сәтті болуы үшін көршілес және ықпалды елдермен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік бар",-деді.

Тегтер