Иран мен Сирия: екіжақты қарым-қатынастың айқын перспективасы және аймақтағы стратегиялық ынтымақтастық
(last modified Sun, 10 Oct 2021 18:58:33 GMT )
Қаз 11, 2021 00:58 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирия: екіжақты қарым-қатынастың айқын перспективасы және аймақтағы стратегиялық ынтымақтастық

Иран мен Сирия экономикалық терроризммен күресу және екі ел халқына көмектесу салаларында бірге биік қадамдар жасайтын болады.

Иран Сыртқы істер министрі  Хұсейн Амир Абдуллахиан осы тақырыпты Дамаскта Сирияның басшыларымен кездесуде баса айтты. Абдуллахиан Ресей мен Ливаннан кейін сенбі күні сапарын Сирияда жалғастырды.

Иранның он үшінші үкіметінің дипломатиясындағы басты бағыттардың бірі –аймақта ұжымдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, екі және көпжақты экономикалық қатынасты дамыту, бөгделерді шақырмай-ақ аймақ елдерін өзара қайшылықтарды шешуге қатысуға ынталандыру мақсатында өзара қарым-қатынасты нығайту.

Бұл стратегия әскери-қауіпсіздік теңгерімінің аймақ елдерінің мүддесіне қарай өзгеруіне себеп болады. АҚШ пен Израиль және олардың аймақтық одақтастарының Сирия мен Ирактағы қастандықтарын жеңіліске ұшырату – осы саладағы маңызды нәтижелердің бірі. Олар аймақ елдерін бөлшектеп, жаңа шекаралар белгілеуді көздеген болатын.

Батыс Азиядағы саяси реформалар мен оқиғалар – осындай өзгерістердің нышандарының бірі. Мұның ең жаңа мысалы америкалық әскерилердің Ауғанстаннан масқара қалыпта шыққаны болды.

Сирия Президенті Башар Асад Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінде АҚШ-тың Ауғанстаннан шыққанын жаңа коалициялар пайда болып, Батыс блогының құлдырауының белгісі деп атап: «Аймақ елдері мен Ауғанстанға көршілес елдер АҚШ-тың Ауғанстанда істеген істері мен ұстанған саясатына жауапкершілікті қабылдамайтынын біледі. Ал ИИР-да Ауғанстандағы өзгерістердің сәтті болуы үшін көршілес және ықпалды елдермен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік бар»,-деді.

Сирия күрес алаңында айтарлықтай жеңіске жеткенімен, Идлибтегі өзгерістер, басқыншылықты тоқтату және басып алынған өңірлердің барлығын тазарту үшін күресті жалғастырып, ұлттық бірлікті нығайтуы керек. Иран осы жолда Сирияға көмектесуге дайын.

Араб әлемінің саяси сарапшысы Абдулбари Атуан Иран әскерилерінің Сириядағы миссиясының заңдық сипатқа ие екенін айтып: «Бұл миссияның АҚШ пен Израильге екі қырлы жолдауы бар. Иран мен Сирия ұзақ мерзімді стратегиялық коалиция құрды. АҚШ пен Израиль Иранның Сириядан шығуын армандамай-ақ қойса болады»,-деді. 

Тегтер