Сауд Арабиясы: Эр-Рияд Теһранмен келіссөзге байсалды қарайды
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі: «Эр-Рияд Теһранмен келіссөзге байсалды қарайды»,-деді.
Фейсал бен Фархан Financial Times газетіне берген сұхбатында Иранмен екіжақты келіссөздердің ілгерілеп жатқанын хабарлады.
Фархан Теһран-Риадтың екіжақты келіссөздерінің жалғасып жатқанына тоқталып: «Сауд Арабиясы Иранмен барлық салада байланыс орнатып, әріптестікті кеңейтуді қалайды»,-деді.
Financial Times газетінің жазуынша, Сауд Арабиясы Иранның Джидда қаласында Ислам ынтымақтастық ұйымына өкілдік және консулдық ашуға берген өтінішін қарастырып жатыр.
Сауд Арабиясының «әл-Ахбария» телеарнасы өткен аптада: «Теһран мен эр-Рияд арасында тікелей келіссөздер жүріп жатыр. Бұл аймаққа тұрақтылық әкеледі»,-деді.