ДАИШ Кандагардағы Фатиме мешітіне жасалған шабуылға жауапты
(last modified Sat, 16 Oct 2021 12:24:43 GMT )
Қаз 16, 2021 18:24 Asia/Almaty

ДАИШ лаңкестік тобы кеше Ауғанстанның Кандагар қаласындағы шииттер мешітіне жасалған шабуылдың жауапкершілігін мойнына алды.

Fars News агенттігінің хабарлауынша, кеше түс кезінде Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагардың бірінші ауданында орналасқан Биби Фатиме мешітіне ДАИШ-тың лаңкестік шабуылынан 33-тен астам адам шәһид болып, 74 адам жараланған.  Талибан  өкілі Забихолла Моджахед жарылысқа қатысты барлық қылмыскерлерді тұтқындау  бұйрығының берілгенін айтты. Бұған дейін Талибан өкілі Забихолла Моджахед ДАИШ-тың Ауғанстанда айтарлықтай қатысуы жоқ және елдегі басты проблема емес екенін айтқан.