Бен Салман Эр-Риядтың Дамаскқа қатысты саясатының қате болғанын мойындады
(last modified Mon, 25 Oct 2021 16:22:53 GMT )
Қаз 25, 2021 22:22 Asia/Almaty
  • Бен Салман Эр-Риядтың Дамаскқа қатысты саясатының қате болғанын мойындады

Бір ливандық газет: "Сауд Арабиясының тақ мұрагері өз елінің Сирияға қатысты саясаттарының қате болғанын мойындады",-деп жазды.

Ливанның "Эд-Диар" газеті дүйсенбі күні бір мақалада Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның Эр-Риядтың Дамаскқа қатысты саясаты туралы кейбір сөздерін жариялады.

Осы газеттің жазуынша, Бен Салман Сауд Арабиясына жақын ливандық тұлғалаларға Эр-Рияд Сирия мен осы елдің басшысы Башар Асадқа қатысты қателескенін айтқан. 

"Эд-Диар" газеті өз мақаласында: "Саудиялық жауапты тұлғалар Дамаскта қатысты саясаттарының қате болғанын мойындап, ливандық тұлғалаларын Сирияға қарай бет бұруға шақырды",-деп жазды.

Араб елдерінің кейбірі сириялық басшылармен кездесуде əртүрлі салаларда екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қызығушылық танытты.

Тегтер