Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қайшылық сионистер үшін пайдалы
https://itolqyn.com/news/west_asia-i5674-Иран_мен_Сауд_Арабиясы_арасындағы_қайшылық_сионистер_үшін_пайдалы
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қайшылықты сионистік режим үшін пайдалы екендігін айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 20, 2016 14:28 Asia/Almaty
  • Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қайшылық сионистер үшін пайдалы

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қайшылықты сионистік режим үшін пайдалы екендігін айтты.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Акбар Хашеми Рафсанджани сейсенбі күні: «Халықаралық қауымдастықтарда ислам әлемінің беделін көтере алатын Теһран мен Риядтың ынтымақтастығы екі ел арасындағы алауыздыққа байланысты мұсылмандарды әлсіретті. Соңында оның пайдасын сионистер мен дұшпандар көреді»,- деді.

Акбар Хашеми Рафсанджани Ливанның Хизболласын лаңкес деп жариялауға өкініш білдіріп, бұл мәселені сионистік режимді күшейту мақсатында жоспарланған жоба деп атады.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты мәселелерді сараптап, Иранның сыртқы саясатының ел халқының құқықтары мен ұлттық мүддеге сай екендігін қуаттап:

«Иран халқы жүйеге адал болып, ақиқаттарды қабылдайтын жақсы мүмкіндікке ие. Ел қайраткерлері осы мүмкіндікке сүйеніп, келешекке үмітпен қарауы керек»,- деп мәлімдеді.