Палестинаның Теһрандағы елшілігі Ұлыбританияның Хамасты «лаңкес» деп атағанын айыптады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i56846-Палестинаның_Теһрандағы_елшілігі_Ұлыбританияның_Хамасты_лаңкес_деп_атағанын_айыптады
Палестина Теһрандағы елшілігі мәлімдеме таратып: «Палестина үкіметінің Теһрандағы елшілігі Ұлыбритания үкіметінің палестиналық қарсыласу топтарының бірін «лаңкес» деп атап, осы маңызды топқа қарсы зұлым шаралар қолдануын қатаң айыптайды»,-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 21, 2021 19:10 Asia/Almaty
  • Палестинаның  Теһрандағы елшілігі Ұлыбританияның Хамасты «лаңкес» деп атағанын айыптады

Палестина Теһрандағы елшілігі мәлімдеме таратып: «Палестина үкіметінің Теһрандағы елшілігі Ұлыбритания үкіметінің палестиналық қарсыласу топтарының бірін «лаңкес» деп атап, осы маңызды топқа қарсы зұлым шаралар қолдануын қатаң айыптайды»,-деді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мәлімдемеде: «Мұның орнына Ұлыбритания үкіметі Палестинаның Тәуелсіздік күнінде осы мемлекетті ресми түрде таниды деп күткенміз»,-делінген.

Палестинаның Теһрандағы елшілігі өз мәлімдемесінде: «Палестина мемлекетін ресми түрде таныған елдердің саны Израильді ресми түрде таныған елдер санынан көп. Осындай мәселенің туындауына себеп болған Ұлыбритания 73 жыл бойы қиыншылық көрген Палестинаны ресми түрде  тану арқылы тарихи қателігін түзей алатын еді»,-деді.