Al mayadeen: Саудиялықтардың Йеменге қарсы шабуылы елу мың баланы жетім қалдырды
Al mayadeen телеарнасының мәліметі бойынша, Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдарының басталуынан бері елу мың йемендік бала ата-анасынан айрылған.
Al mayadeen арнасының Санадан хабарлауы бойынша, саудиялық коалиция Йеменге шабуыл жасағаннан бері елу мыңнан астам йемендік бала жетім қалып, босқынға айналған немесе қоршауға түскен аймақтарда өмір сүруде.
Осы мәлімет бойынша соғыстың жалғасуы салдарынан бұл жетім балалардың қиындықтары екі есе артып, медициналық және гигиеналық қызметтердің тапшылығы оларды әртүрлі ауруларға душар еткен.
Жетім балаларға көмектесетін орталықтардың бірінің басшысы Абдолла әл-Хенди: «Бұл балалардың ата-аналары шабуылдардың салдарынан шәһид болды. Жетім балалардың көбі өздерінің үйлері мен шаруашылықтарында қалып отыр" деді.