Амир Абдоллаһиян Сирияда химиялық газдың қолданылуына байланысты алаңдаушылық білдірді
(last modified Thu, 21 Apr 2016 11:16:15 GMT )
Сәу 21, 2016 17:16 Asia/Almaty
  • Амир Абдоллаһиян Сирияда химиялық газдың қолданылуына байланысты алаңдаушылық білдірді

ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары лаңкестік топтардың Сирияда химиялық газ қолдануын алаңдатарлық мәселе деп атады.

Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Амир Абдоллаһиан сәрсенбі күні Теһранда БҰҰ Бас хатшысының көмекшісімен кездесуінде: "Сирия үкіметі химиялық қаруларды жою мәселесінде жауапкершілікпен әрекет еткен жағдайда лаңкестік топтар өкінішке орай, осы елде улы химиялық газдарды пайдаланып жатыр. Әлемдік қауымдастық та осы мәселеге қатысты әсерлі шара қолданған жоқ" деді.

Амир Абдоллаһиян сионистік режимді ядролық және химиялық қару қоймаларына ие болғандықтан аймақтағы басты қауіп-қатер деп атап: "Иран химиялық қарулардың ең басты құрбаны ретінде және өзінің діни наным-сенімдері негізінде жаппай қырып-жою қаруларын, соның ішінде, химиялық қаруларды пайдалануды қатаң айыптап, оны харам деп санайды" деді.

БҰҰ-ның Бас хатшысының көмекшісі әрі БҰҰ мен Химиялық қаруларды жою ұйымының Сирияда химиялық қаруларды пайдаланған тараптарды анықтау үшін құрылған ортақ тергеу тобының төрағасы Вирджиния Гамба осы кездесуде Иранның осы саладағы қолдауларына алғыс білдіріп: "Ортақ тергеу тобы БҰҰ-на мүше елдерден, соның ішінде, ИИР-нан көмек көрсетуді сұрайды" деді.