Сәу 22, 2016 21:22 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы армиясының қырғи ұшақтары Йеменнің оңтүстігіне шабуыл жасады

Кувейтте Йеменнің саяси топтары арасында елдегі дағдарысты шешу жөніндегі келіссөздердің басталуымен бір мезгілде Сауд Арабиясы армиясының қырғи ұшақтары Йеменнің оңтүстігін бомбалады.

«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Кувейтте Йеменнің саяси топтары мен эр-Риядқа бағынышты йемендік топтың осы елдің дағдарысын шешуге бағытталған келіссөздері басталған жағдайда Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары бейсенбі күні түнде Йеменнің оңтүстігіндегі Занджабар қаласын бомбалады. Осы әуе шабуылының шығындары туралы мәлімет әлі жарияланған жоқ.

Сауд Арабиясы армиясының күштері мен жалдамалылары зеңбірек пен басқа да қаруларды пайдаланып, Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің елдің әртүрлі аймақтарындағы позицияларына оқ жаудырды.

Ансаролла халықтық қозғалысы, Йеменнің Ұлттық конгресі партиясы мен эр-Риядта орналасқан йемендік топтың келіссөздері осы елдің дағдарысын шешу мақсатында кеше түстен кейін Кувейтте басталды.

Сауд Арабиясы аймақтағы кейбір араб елдерімен одақтасып және АҚШ-тың қолдауымен Йеменнің отставкаға кеткен Президенті Абд Раббе Мансур Хадиді билік басына қайтару мақсатымен 2015 жылдың 26 наурызында осы елге қарсы ауқымды шабуылдарды бастады.

Тегтер