Амир Абдуллахиан: Босқындар мәселесі мен санкцияларға көңіл аударусыз Сирия дағдарысын шешу мүмкін емес
(last modified Sun, 16 Jan 2022 21:33:47 GMT )
Қаң 17, 2022 03:33 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Босқындар мәселесі мен санкцияларға көңіл аударусыз Сирия дағдарысын шешу мүмкін емес

Иран Сыртқы істер министрі: «Сириядағы босқындар мәселесі мен санкцияларға көңіл аударусыз ел дағдарысын шешу мүмкін емес»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Геер Петерсонмен кездесуінде БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкіліне Сирияда ұлттық диалог өткізіп, бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға көмектескені үшін алғыс айтып, оның сәттілікке жетуі үшін ИИР-ның шынайы талпыныс жасағанын айтты.  

Амир Абдуллахиан АҚШ күштерінің Сирияда заңсыз жүргені және сионистік режимнің Сирияға шабуылдарының осы елдегі мәселелерді саяси жолмен шешуге кедергі келтіріп отырғанын айтып, халықаралық қауымдастық пен БҰҰ-ның бұған көңіл аударуы қажеттігін қуаттады.  

Геер Петерсон осы кездесуде Сирияның жағдайын тұрақты деп сипаттап: «Қазіргі жағдайда ешбір тарап бұл елде режимді ауыстыру туралы сөз қозғап жатқан жоқ»,-деді.

Тегтер