Сирия күрдтері Хасаканы толық жапты
Сирияның Хасака қаласында Күрд демократиялық күштері мен ДАИШ лаңкестері арасындағы қақтығыстардың жалғасында осы аймақтың күрдтері лаңкестердің енуіне тосқауыл қою үшін осы қалаға кіру жолдарын жапқанын хабарлады.
Russia al-Yaum ақпарат агенттігінің күрд дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Түркияның күрдтер тұратын аймақтың тұрақтылығын бұзып, оны ДАИШ-тің мекеніне айналдыруға бағытталған талпыныстары жеңіліс тапты.
Қазіргі таңда екі майданда қақтығыстар жалғасуда. Біріншісі – әс-Санаа түрмесінің ішінде. Оның басым бөлігі әлі ДАИШ-тың бақылауында. Екіншісі – Ғавиран зиратында. Ғавиран мен оның айналасындағы ғимараттарда ДАИШ-тың қашқын лаңкестері жасырынып жатыр.
Күрдтер мен ДАИШ лаңкестерінің қақтығыстарында осы күнге дейін 160-тан аса лаңкес, 15 қашқын тұтқын мен 27 күрд қаза тапты.