Насролла: Иран - үлкен аймақтық және әлемде ықпалды держава
(last modified Wed, 09 Feb 2022 07:27:30 GMT )
Ақп 09, 2022 13:27 Asia/Almaty

Ливан Хизболласының Бас хатшысы имам Хомейни Иранға келген кездегі халықтың қуанышын «Фаджр» онкүндігіндегі илаһи күндерінің ең әдемі үлгілерінің бірі деп атап: «Иран қазір ірі аймақтық державаға айналды.Иран аймақтық оқиғаларда ғана емес, әлемде де ықпалды»,- деді.

Сейед Хасан Насролла сейсенбі күні кешке Al-Alam арнасына берген сұхбатында: «Иран тәуелсіздігі мен нақты егемендігі жағынан бүгінгі әлемде үлгі болып табылады»,- деп қуаттады. Ол Ислам революциясы  жетекшісін мадақтап: «Иранның дана діни басшылығы бұл елді барлық салаларда дамытты»,- деді. Сейед Хасан Насролла сөзінің жалғасында: «Иран аймақтағы күшті ел және Иранмен кез келген соғыс бүкіл аймақтың толық жарылуына әкеледі»,- деп баса айтты.  Насролла  АҚШ-тың бүгінгі басымдылығының Иранмен соғысу емес екеніне тоқталып: «Вашингтонның басымдығы басқа жерде - Ресей және Қытаймен қарсыласу»,- деп мәлімдеді.