Палестина топтары: Герцогтың сапары Анкара-Тель-Авив қарым-қатынасының шындығын көрсетеді
Палестиналық әртүрлі топтар Израиль президентінің Түркияға сапарына реакция білдіріп: «Тель-Авив пен Анкара арасындағы қарым-қатынас ешқашан үзілмегенін мәлімдеді»,- деп жариялады.
Палестина ғұламалар кеңесі Палестина мен оның халқына қолдау көрсетудің маңызды көріністерінің бірі сионистік режиммен кез келген араласудан бас тартып, оны тоқтатуға талпыну екенін мәлімдеді. Палестина ғұламалар кеңесі Түркияға сионистік режиммен қарым-қатынастарды қалыпқа келтірудің Түркиямен қатар Ислам үмбетіне қауіп төндіретінін ескертті.
Палестинаны азат ету халықтық майданы да Түркия президентін жаппай бопсалау мен алдау жасады деп айыптап: «Түркия президенті Палестина мәселесін қолдайтыны туралы уәжденеді, бірақ сионистермен қауіпсіздікті үйлестіруді ең кең түрде жүргізеді»,- деді.
ХАМАС мен Палестина Исламдық жиһады да бөлек мәлімдемелер жасап, Герцогтың Түркияға сапарын айыптады.