Ғарибабади: Сауд Арабиясы соңғы өлім жазасының орындалуына жауап беруі тиіс
https://itolqyn.com/news/west_asia-i59650-Ғарибабади_Сауд_Арабиясы_соңғы_өлім_жазасының_орындалуына_жауап_беруі_тиіс
Иранның Адам құқығы штабының хатшысы Сауд Арабиясында сот шешімімен 81 адамның өлім жазасы орындалғанына тоқталып: "Сауд режимі аталмыш адамдардың қандай айыппен өлім жазасына кесілгеніне жауап беруі керек",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 14, 2022 15:17 Asia/Almaty
  • Ғарибабади: Сауд Арабиясы соңғы өлім жазасының орындалуына жауап беруі тиіс

Иранның Адам құқығы штабының хатшысы Сауд Арабиясында сот шешімімен 81 адамның өлім жазасы орындалғанына тоқталып: "Сауд режимі аталмыш адамдардың қандай айыппен өлім жазасына кесілгеніне жауап беруі керек",-деді.

Сауд Арабиясының ІІМ сенбі күні елде адам құқығын бұзуды жалғастырып, 81 адамға қатысты өлім жазасын бір күнде орындады.

Өлім жазасы орындалғандардың арасында Қатиф өңірінің 41 шиіті бар. Олар Сауд үкіметі тарапынан түрлі сылтаулармен ұсталып, түрмеге қамалған болатын.

Иран Адам құқығы штабының хатшысы Казем Ғарибабади адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын халықаралық ұйымдардың 81 адамның өлтірілгеніне үнсіз қалғанын сынады.