Иран Палестина халқының арманын қолдайды
(last modified Wed, 30 Mar 2022 18:24:58 GMT )
Нау 31, 2022 00:24 Asia/Almaty
  • Иран Палестина халқының арманын қолдайды

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде дүйсенбі күні Палестинада төрт араб елінің сионистік режиммен отырысы өткеніне тоқталып: "Құдсты басып алған лаңкес сионистермен қарым-қатынас орнатып, байланысты қалыптандыруға бағытталған кез келген шара – Палестина халқының арқасына сұғылған қанжар жəне Израиль режиміне Палестина халқын қырып-жоюды жалғастыруына көмек",-деді.

Иран мәселесі, Украина дағдарысы және араб елдерінің сионистік режиммен қарым-қатынасын қалыптандыруы осы отырыста талқыланған тақырыптардың бірі болды.

Араб елдерінің Палестина халқының арманына қатысты міндеттемелеріне қарамастан, БАӘ, Бахрейн, Судан және Марокко 2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыптандырды.

Сионистік режим бұл отырысты аймақтағы бітім үдерісі мен Израильдің орнын нығайту жолындағы тарихи оқиға деп көрсетуге тырысты. Бірақ Тель-Авив пен оның демеушілерінің қазіргі жағдайы бұл уәждердің шындыққа жанаспайтынын көрсетеді. Сионистік режим әлемнің көптеген елдері, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүше елдері тарапынан ресми түрде танылса да, аймақ елдерінің көбі осы режимнің заңдылығын және басып алған жерлерге билігін ресми түрде қабылдамады. Сондықтан Израиль заңдылық дағдарысына ұшырап отыр.

Африка одағына тұрақты емес мүше сионистік режим өтінішінің қабылданбауы, аймақ пен әлем мұсылмандарының Израиль режиміне наразылығының артуы, араб елдерімен қарым-қатынасты қалыптандыруының айыпталуы, Палестина жастарының қарсыласуының күшеюі сионистік режимнің әлі де оқшау қалып, заңдылығы мойындалмағанын көрсетеді.

Осы жағдайда БАӘ мен Бахрейннің қайраткерлері сионистік режиммен қатынасты қалыптандыруды өз елдері үшін экономикалық тұрғыдан пайдалы деп түсіндіруге тырысады, бірақ Тель-Авивпен қатынастарын қалыптандырған алғашқы араб елдері ретіндегі Мысыр мен Иорданияның тәжірибесі бұл жарнаманың жалғандығын көрсетеді. Тіпті сарапшылардың айтуынша, Мысыр мен Иордания Израиль және АҚШ-пен жасалған газ келісімшарттары мен экспорттық келісім арқылы бопсалау мен экономикалық шығындарға ұшырап отыр.