«Сорайя ул-Құдс» күштерінің қолбасшысы: Шәһид Солеймани өз жанын Палестинаға пида етті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i60556
Палестина исламдық джиһад қозғалысының әскери тармағы «Сорайя ул-Құдс» батальондарының бас қолбасшыларының бірі Иранға Палестина қарсыласу қозғалысын қолдағаны үшін алыс айтып: «Шәһид Солеймани өз жанын Палестинаға пида етті»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 24, 2022 20:35 Asia/Almaty

Палестина исламдық джиһад қозғалысының әскери тармағы «Сорайя ул-Құдс» батальондарының бас қолбасшыларының бірі Иранға Палестина қарсыласу қозғалысын қолдағаны үшін алыс айтып: «Шәһид Солеймани өз жанын Палестинаға пида етті»,-деді.

Абу Махмуд Iran Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иранның Палестина қарсыласу қозғалысын қолдауда ұзақ тарихқа ие екенін айтып: «ИИР Палестина қарсыласуын дамытуда көрнекті рөл ойнайды»,-деді.

«Сорайя ул-Құдс» күштерінің қолбасшысы: «Шәһид Қасым Солеймани Палестина жеріне маңызды да тиімді жетістік әкелді. Палестина қарсыласу қозғалысы ИИР-дың қолдауына алғыс айтады»,-деді.

Абу Махмуд: «Қарсыласу қозғалысы қасиетті жерлер мен әл-Ақса мешітін басқыншылар мен сионистік қалашық тұрғындарының шабуылдарынан қорғауға дайын»,-деп еске салды.