Сионистердің әл-Ақса мешітіне шабуылынан ондаған палестиналық жараланды
Сәу 28, 2022 17:40 Asia/Almaty
Басқыншы сионистік режим күштерінің әл-Ақса мешітіне шабуылынан ондаған палестиналық жараланды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, басқыншы сионистік күштер бүгін таңертең әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады.
Бұл шабуылда сионистер көз жасаурататын газ атқандықтан ондаған палестиналықтың тынысы тарылды.
Сәрсенбі күні кешке 250 мыңнан аса палестиналық сионистік күштердің мешітке кіруге тосқауыл қойғанына қарамастан, әл-Ақса мешітінің ауласында Қадір түнін өткізді.
Тегтер