Сионистік режим өз қылмыстарын жасыру үшін тілшілердің көзін құртады
(last modified Thu, 12 May 2022 10:02:25 GMT )
Maм 12, 2022 16:02 Asia/Almaty
  • Сионистік режим өз қылмыстарын жасыру үшін тілшілердің көзін құртады

Израиль әскерилері сәрсенбі күні Al-Jazeera-ның 51 жастағы тілшісі Ширин Абу Аклені Дженин лагеріндегі оқиғалар жайлы репортаж жасап жатқан кезде шәһид етіп, «әл-Құдс» палестиналық газетінің тілшісі Әли әс-Самудиді жаралады.

Соңғы айларда сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстары әртүрлі салада айтарлықтай артты. Соның салдарынан ондаған палестиналық шәһид болып, жүздеген адам жараланды.

Батыс және араб ақпарат көздерінің көбі сионистік режимнің қылмыстарына қатысты үнсіз қалып отырса да, бұл режим тіпті шағын репортажға да төзбей отыр. Ширин Абу Акле Al-Jazeera-ның ең мықты әрі көрнекті тілшілерінің бірі болған. Ол аймақтың саяси ортасында кең танымал еді. Тілші ханым өз міндетін атқарып, репортаж жасап жатқан кезде Израиль әскерилерінің оғына ұшты.  Бұл жағдай сионистік режимнің қылмысын ауырлата түсті. Осы қылмыс «қасақана кісі өлтіру» қалыбында қарастырылатын болады.

Құдсты басып алған режимнің мұндай қылмыс жасап жатқаны алғаш емес. Бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар жасаған. Израильдің мұндай қылмыстарының мақсаты – басып алынған жерлерде өзі жасап жатқан адамгершілікке жат әрекеттер жайлы ақпараттар мен видеолардың таралуының алдын алу. Шын мәнінде сионистік режим Палестина жерінде болып жатқан оқиғалардың таралуына тосқауыл қою үшін тілшілердің көзін құртады. Осы орайда Катардың Al-Jazeera телеарнасы: «Бұл сұрқия қылмыс халықаралық заңдарды бұзу болып саналады. Оның мақсаты – медиа өкілдерге өз міндеттерін атқаруға жол бермеу»,-деп мәлімдеді.

Сионистік режимнің мұндай қылмыстарды жасауына бәрінен бұрын себеп болатын нәрсе – әлемдік қауымдастықтың үнсіздігі. АҚШ сияқты ірі алпауыттар сионистік режимнің осы қылмысына ортақ. Өйткені бұл ел адам құқығын бұзу жайттарына таңдамалы қатынас көрсетеді. АҚШ өз одақтастары, әсіресе сионистік режимнің қылмыстарына көз жұма қарайды. Осындай таңдамалы қатынас салдарынан қылмыстар артады, тіпті тілшілерге қарсы жасалатын болады.