Интифазаны қолдау конференциясының хатшылығы: Израиль БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінен шығарылуы тиіс
(last modified Thu, 12 May 2022 11:55:29 GMT )
Maм 12, 2022 17:55 Asia/Almaty
  • Интифазаны қолдау конференциясының хатшылығы: Израиль БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінен шығарылуы тиіс

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының хатшылығы сионистік режимнің БҰҰ Адам құқығы кеңесінен шығарылуын талап етті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл хатшылық палестиналық христиан тілші Ширин Абу Акленің сионистік әскерилердің оғынан шәһид болғанына реакциясында: «Сионистердің тілшіні өлтіруі әлем халықтарына бұл режим үшін мұсылман, христиан және басқа дін өкілдері арасында ешқандай айырмашылық жоқ екенін көрсетті. Бұл режим АҚШ-тың қолдауына сүйеніп, адамгершілікті нысанаға алып отыр»,-деп мәлімдеді.

Осы мәлімдемеде: «Қанішер сионистер қорғансыз палестиналық әйелді өлтіру арқылы жабайылық пен қатыгездікке бой алдырып, адам құқығына қатысты халықаралық заңдарды асқан дөрекілікпен аяқ асты еткенін көрсетті»,-делінген.