Сионистер палестиналық тілшінің жаназасын шығару рәсіміне шабуыл жасады
(last modified Fri, 13 May 2022 20:01:35 GMT )
Maм 14, 2022 02:01 Asia/Almaty

Сионистік режимнің әскерилері палестиналық тілшінің жаназасын шығару рәсіміне шабуыл жасап, оның алдын алғысы келді.

Сионистік режимнің әскерилері сәрсенбі күні Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин лагеріне шабуыл жасап, Al-Jazeera тілшісі Ширин Абу Аклені атып өлтірді.

Ширин Абу Акле сионистердің Дженин лагеріне шабуылы жайлы репортаж жасап жатқан кезде сионистік әскерилердің қолынан оққа ұшып, шәһид болды.

Ширин Абу Акленің өлімі сионистік режимнің палестиналық тілшілерге қарсы алғашқы қылмысы емес. Палестина Ақпарат министрлігінің хабарлауынша,  2000 жылы Палестинаның екінші интифазасы басталғаннан бүгінге дейін 45 тілші сионистік режимнің қолынан қаза тапты.

Тегтер