Ливан Хизбулласының бас хатшысы сайлау жайлы сөз сөйледі
(last modified Thu, 19 May 2022 11:27:53 GMT )
Maм 19, 2022 17:27 Asia/Almaty
  • Ливан Хизбулласының бас хатшысы сайлау жайлы сөз сөйледі

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "Ливан халқының сайлауға жаппай қатысуы және сайлау нәтижесі олардың Қарсыласу қозғалысын қолдайтынын көрсетті",-деді.

Сейіт Хасан Насролла теледидарда сөйлеген сөзінде: "Ливан Парламентінде енді ешкім басымдыққа иеміз деп айта алмайды. Бұл ел мүддесіне сай келеді",-деді.

Ол: "Ливан Хизбулласы, Қарсыласу қозғалысы, одақтастар мен олардың достарының өкілдері Парламентке жол тартты. Осы сайлаудан кейін  Қарсыласу қозғалысына қарсы ауқымды қаржылай және ақпараттық шабуылдарға төтеп беру үшін саяси, парламенттік және халықтық қауіпсіздік желісі қамтамасыз етіледі",-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы сайлау кезінде Сауд Арабиясы мен АҚШ елшіліктерінің белсенділігі артқанына тоқталып: "Үш жыл бойы көп қаражат жұмсалды. Кибер армия құрылды. Халықты қорқыту үшін экономикалық қысым мен қоқан-лоққы жасалды. Алайда бұл талпыныстар нәтиже бермеді",-деді.