Насролла: Хизбулланың 2000 жылғы жеңісі – Ливанның қазіргі заман тарихындағы ең ірі жетістігі
Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла сәрсенбі күні сөйлесеген сөзінде Израильді жеңген күнді Алла берген күндердің бірі деп атап: "Хизбулланың 2000 жылғы жеңісі – Ливанның қазіргі заман тарихындағы ең ірі жетістігі",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла Ливанды сионистік режимнің қолынан азат еткен күн және Қарсыласу күніне орай сөйлеген сөзінде осы жолда жан тапсырған адамдарды еске алып, алғыс айтып: "2000 жылғы жеңіс Израильдің жеңілмейтін армиясының күлін көкке ұшырып, "Үлкен Израиль" жобасының талқанын шығарып, Палестина халқына өз жерін азат етуге қайта үміт сыйлады",-деді.
Ливан Хизбулласының бас хатшысы ИИР-ға алғыс айта келіп: "Теһран қарсыласу қозғалысын қолдаудан ешқашан жан аяп қалған емес",-деді.
Ол, сондай-ақ, қарсыласу қозғалысының мақсаттарын ілгерілетуде қажы Қасым Солейманидың рөлін өте маңызды деп бағалады.