Сейіт Хасан Насролла: Израильдің «Кариш» газ кенішіндегі іс-қимылдары Ливанның аумақтық тұтастығын бұзады
(last modified Fri, 10 Jun 2022 09:29:44 GMT )
Маусым 10, 2022 15:29 Asia/Almaty
  • Сейіт Хасан Насролла: Израильдің «Кариш» газ кенішіндегі іс-қимылдары Ливанның аумақтық тұтастығын бұзады

Ливан Хизбулласының бас хатшысы Израильдің «Кариш» газ кенішіндегі іс-қимылдары Ливанның аумақтық тұтастығын бұзатынын айтып: «Қарсыласу қозғалысының әскери-қауіпсіздік қуаты сионист дұшпанның Кариш кенішінен мұнай мен газ өндіруін тоқтатуға жетеді»,-деді.

Сионистік режим жексенбі күні Ливанның территориясына кіріп, Жерорта теңізінде бір газ өндіру қондырғысын орналастырды. Сионистік режим осы қондырғы арқылы Ливан территориясында орналасқан Кариш газ кенішінен мұнай мен газ өндіруді жоспарлап отыр. Сионистік режимнің бұл әрекеті Ливан басшыларының қатаң реакциясына ұшырады.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: «Ливандықтар халықаралық қарарларды ресми түрде танымайтын дұшпанмен бетпе-бет келіп отыр. Ол тек зорлық деген қисынды түсінеді. Осы жолмен сионистік режим Газа секторынан шығарылды»,-деді.

Сейіт Хасан Насролла: «Хизбулланың міндеті – Ливанның жері, теңізі, мұнайы мен газын қорғауға көмектесу. Бұл – бір діни, ұлттық және джиһадтық міндет»,-деді.

Тегтер