Иордан өзенінің батыс жағалауында сионистік әскерилердің қолынан палестиналық жасөспірім шәһид болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i62054
Палестиналық медициналық ақпарат көздері Рамалла қаласының шығысындағы Салвад елді мекенінен 16 жастағы палестиналық Абдулла Мұхаммад Хамадтың бүгін, сенбі күні таңертең алған жарақатының ауырлығына байланысты шәһид болғанын хабарлады
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 25, 2022 18:45 Asia/Almaty
  • Иордан өзенінің батыс жағалауында сионистік әскерилердің қолынан палестиналық жасөспірім шәһид болды

Палестиналық медициналық ақпарат көздері Рамалла қаласының шығысындағы Салвад елді мекенінен 16 жастағы палестиналық Абдулла Мұхаммад Хамадтың бүгін, сенбі күні таңертең алған жарақатының ауырлығына байланысты шәһид болғанын хабарлады

Палестинаның әл-Яум ақпарат сайтының хабарлауынша, палестиналық жасөспірім өткен түнде (жұма күні) израильдік әскерилер тарапынан жараланып, тұтқындалып, белгісіз жаққа жеткізілген.Өткен түнде Израиль әскері Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігіндегі сионистік қалашыққа қарсы палестиналықтардың шеруіне шабуыл жасады. Бұл шабуылдарда 131 палестиналық жарақат алды.