Джабери Ансари: Қажылық парызын өтеу Сауд Арабиясының іс- әрекетіне байланысты
(last modified Mon, 25 Apr 2016 15:30:19 GMT )
Сәу 25, 2016 21:30 Asia/Almaty
  • Джабери Ансари: Қажылық парызын өтеу Сауд Арабиясының іс- әрекетіне байланысты

Иран ислам республикасы СІМ- нің ақпарат хатшысы қажылық парызын өтеуді Сауд Арабиясы үкіметінің іс- әрекетімен байланыстырды.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари Теһранда өткен ақпарат отырысында Саудия тарапынан ирандық қажылардың биылғы қажылық рәсіміне аттандырылуы негізінде кедергі жасалып отырғанына тоқталып: «Бұл мәселе Сауд Арабиясы үкіметінің іс- әрекетіне байланысты. Егер ол бұрынғы тәсілдер бойынша зияратшыларды қабылдаушы үкіметтің қалыпты міндеттерін жүзеге асырса осы істі орындау үшін табиғи түрде жағдай жасалады» деді.

Джабери Ансари Ресейдің «С 300» қорғаныс құрылғыларын Иранға тапсыру келісімшарты туралы айтқан сөзінде: «Иран мен Ресей арасында келісімдер жасалды. Бұл келісім жаңа кесте бойынша орындалу кезеңдерінен өтіп жатыр» деді. Джабери Ансари сондай- ақ Иранның Арак ядролық нысанындағы ауыр суды халықаралық нарықта сатуы туралы қойылған сұраққа: «Кемінде 70 тонна ауыр суды халықаралық нарықта сатуға шешім қабылданды. Бұл мәселе «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасында да ресми түрде танылған» деді.

Тегтер