Сақшылар корпусы сионистік режимнің қылмысын айыптады
Ислам революциясының Сақшылар корпусы өз мәлімдемесінде сионистік режимнің Газаға айуандық шабуылын айыптады.
Бұл мәлімдемеде сионистердің соңғы шабуылдары Палестинаның мазлұм халқына қарсы толыққанды соғыс басталған жағдайда Қарсыласу күштерінің күш-қуаты мен жауап беру уақыты мен сапасын сынау үшін жасалған әрекет болса да, есептік қателік болғанын айтып: "Мұхаррам айында Палестинада ондаған қорғансыз мұсылманның қазіргі заманның язидтері қолынан шәһид болып, жаралануы осы режим мен оның демеушілерін қатты өкінтетіні күмәнсіз",-деді.
Сақшылар корпусы осы мәлімдемеде: "АҚШ пен басқа да адамзатқа қарсы үкіметтердің қолдауына сүйенген жалған режимнің жаңа қылмыстары сионистер мен олардың аймақтық және трансаймақтық демеушілерінің қылмыскер әрі агрессор бейнесін тағы да көрсетті",-деді.