Зияд Нахала: Егер сионист дұшпан біздің шарттарға берік болмаса, соғыс қайта басталады
Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы: "Егер сионист дұшпан біздің шарттарға берік болмаса, бітімді жоқ деп санаймыз, сосын соғыс қайта басталады",-деді.
Қарсыласу қозғалысының зымырандары сионистік режимді өткен түні сағат 23:30 (жергілікті уақыт бойынша) атысты тоқтату бітімін қабылдауға мәжбүрледі.
Fars ақпарат агенттігінің дүйсенбі күні хабарлауынша, Зияд Нахала сионистік режиммен бітім туралы: "Сионист дұшпан атысты тоқтатқысы келді. Олар біздің шарттарымыз негізінде бітімді қабылдады",-деді.
Зияд Нахала соңғы соғысқа тоқталып: "58 сионистік қалашық Сорайя ул-Құдс батальондарының зымырандары жетер аймақта жатыр. Бізде барлық сионистік қалашықтарды нысанаға ала алатын зымырандар бар",-деді.
Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы сионист дұшпанның атысты тоқтату бітімін қалағанын айтып: "Біз шейх Басам әс-Саади мен Халил әл-Ауадені босатуды бітімнің шарты деп қойдық",-деді.