Сейіт Хасан Насролла: Иран аятолла Хаменеидің басқаруымен исламның мықты ту ұстаушысы болып қала береді
(last modified Tue, 09 Aug 2022 13:35:40 GMT )
Там 09, 2022 19:35 Asia/Almaty
  • Сейіт Хасан Насролла: Иран аятолла Хаменеидің басқаруымен исламның мықты ту ұстаушысы болып қала береді

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "ИИР аятолла Хаменеидің басқаруымен исламның мықты ту ұстаушысы болып қала береді",-деді.

Сейіт Хасан Насролла сейсенбі күні Бейруттің оңтүстігіндегі Захияда өткен Аба Абдулла әл-Хұсейнді(ғ.) аза тұту рәсімінде: "Иран Қарсыласу қозғалысының өзегі әрі Ислам әлемінің құбыласы болып қала береді",-деді.

Сейіт Хасан Насролла Палестинада әрдайым бар күшімен күресіп келе жатқан қарсыласу күштерін мадақтап, Хизбулланың Құдс және әл-Ақса мешіті мәселесіне берік екенін және Палестина халқының жанынан табылатынын баса айтты.  

Ливан Хизбулласының бас хатшысы қоршауға түсіп, түрлі азап көріп жатқан Йемен халқының қарсыласуына алғыс айтып: "Йемен халқының басына түскен жағдай Кербаладағы имам Хұсейннің(ғ.) жағдайын еске түсіреді. Бұл халыққа көмектесу – әрбір азат адам үшін парыз",-деді.

Сейіт Хасан Насролла: "Ливанда біз өзіміз шешім қабылдаймыз. Егер біреу Ливанның суларындағы Құдай берген байлыққа қол сұғатын болса, қолын кесеміз. Ливан жеріне басқыншылық жасаған қолдарды кескеніміздей",-деді.

Тегтер