Үшкүндік Газа соғысында кім жеңді?
Сионистік режим өзінің жарнамалық саясатында былай дейді: Хамас соңғы үшкүндік соғыста Исламдық джиһад қозғалысын қолдамады.
Алайда сионистік режимнің елемей отырған шындығы мынау: Исламдық джиһад қозғалысы жалғыз өзі тежегіш күшке ие бола алды. Бұрын атысты тоқтату туралы келісімдер Хамас бастаған қарсыласу топтарымен жасалды. Соңғы соғыста Исламдық джиһад қозғалысы жалғыз өзі осындай жетістікке жетті. Осы тұрғыдан үшкүндік соғыстың нәтижесі сионистік режим жариялағанға керісінше бұл режимнің мүддесіне сай болмаған сыңайлы. Өйткені Исламдық джиһад қозғалысы Тель-Авивті өзінің аға жетекшілерінің бірі Халал Авадені босатуға көндірді.
Бәрінен маңыздысы: осы соғыс барысында әлемдегі қоғамдық пікір үшін Яир Лапидтің шынайы бейнесі одан ары айқындала түсті. Бұған дейін Лапид әскери салада жұмыс істемегендіктен әлемдегі БАҚ пен қоғамдық пікірде Лапидтің оңшыл тұлғалардан айырмашылығы бар деген ой қалыптасты. Бірақ осы соғыс барысында оның Нетаньяху мен басқа оңшыл тұлғалардан ешқандай айырмашылығы жоғы, керісінше олардан әлдеқайда нашар екені анықталды. Лапидтің тікелей бұйрығымен жүргізілген осы соғыста 45 адам, соның ішінде 15 бала қаза тауып, 360 адам жараланды. Жараланғандардың көбін балалар құрайды. Сонымен қатар мыңнан аса тұрғын үй қиратылып, адамдар баспанасыз қалды.
Осы тұрғыдан Лапид сионистік режимнің ішкі саяси теңгерімі тұрғысынан соғыста жеңіп, сионистер мен қалашық тұрғындары арасында танымал бола түссе де, Лапидтің Нетаньяхудан айырмашылығы бар деп санаған адамдар үшін оның әлемдегі орнына сызат түсті. Осы тұрғыдан соңғы үшкүндік соғыста Лапид Шимон Перестің бұйрығымен сионистік режим Ливанның оңтүстігіндегі Кана лагеріне шабуыл жасағандағыдай нәтиже алатын болады.