Сардар Солеймани ливандық майдандасы тұрғысынан
(last modified Sun, 14 Aug 2022 14:13:05 GMT )
Там 14, 2022 20:13 Asia/Almaty

Сардар Солейманидың қарсыласу қозғалысындағы рөлі мен маңызы досқа да, дұшпанға да жасырын емес. Иранның ондаған миллион адамының сардар Солейманиды шығарып салуға қатысуы оның елдегі рөлі мен орнын көрсетеді.

Қажы Қасым Солейманидың майдандастарының бірі болған сейіт Хасан Насролла "Ол бізбен бірге болды" атты деректі фильмде Ливан Хизбулласының 2006 жылы 33 күндік соғыста сионистік режим армиясын жеңуі барысында сардар Солейманидың атқарған рөлінің басқа қырларын баяндады. Бұл деректі фильм жұма, 13 тамызда Иранның бірінші арнасында көрсетілді.

Сейіт Хасан Насролла Ливан Хизбулласының Израиль армиясы алдындағы тарихи жеңісіне жағдай жасаған факторларды баяндады. Бұған дейін араб армиялары жалғыз да, бірлесіп те мұндай нәтижеге жете алмаған.

Сейіт Хасан Насролланың айтуынша, бұл жеңіс бірінші кезекте қарсыласу қозғалысы жетекшілерінің қырағылығы мен болашақтағы өзгерістер жайлы болжамының жемісі болды. Бұл 33 күндік соғыстан 6 жыл бұрын орын алды. Бұл кезде сионистік режим армиясы Ливанның оңтүстігін 20 жыл бойы оккупацияда ұстаған болатын. Осы аралықта  қарсыласу қозғалысының жетекшілері, соның ішінде Сардар Солеймани мынадай нәтижеге жетті: сионистік режим 2000 жылғы жеңілісіне төзе алмайды, қолайлы мүмкіндік туғанда Ливанға шабуыл жасап, оны басып алуға ұмтылады.

Сол себепті Хизбулланы нығайтып, оны жаңа қорғаныс қаруларымен жабдықтау осы партияның күн тәртібіне қойылды. Сардар Солеймани осы істі өз міндетіне алды.

Осы кезде Хизбулла сионистік режимнің кері шегінгенінен кейін осы режимнің түрмелерінде қалған ливандық және палестиналық тұтқындарды босату бағдарламасын қолға алды. Хизбулладан басқа ешкім бұл жайлы ойламаған болатын. 33 күндік соғыста Хизбулла үшін осы тұтқындарды босатып алуға қолайлы жағдай туды. Шын мәнінде Хизбулла тұтқындарды босату арқылы әскери жеңіспен қоса, жаңа бір саяси жеңіске  қол жеткізді. Сонымен қатар, Ливан Хизбулласы, Палестина халқы мен Палестина қарсыласу қозғалыстары арасында жаңа бірлік пен тілеулестік көпірі қалыптасты.