Насролла: Ливанның теңіздегі шекарасын белгілеу мәселесінің Иранның ядролық келісіміне қатысы жоқ
https://itolqyn.com/news/west_asia-i63360
Ливан Хизбулласының бас хатшысы: «Ливанның теңіздегі шекарасын белгілеу талабы орындалмаса, текетірес туындауы мүмкін»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 20, 2022 15:15 Asia/Almaty

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: «Ливанның теңіздегі шекарасын белгілеу талабы орындалмаса, текетірес туындауы мүмкін»,-деді.

Mehr ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла «Жәнната» туристік орталығының іргетасын қалау рәсімінде Ливан мен басып алынған Палестина арасында теңіз шекарасын белгілеу, осы аймақтың газ кеніштері және Иранның ядролық келісімі туралы: «Теңіз шекаралары мен мұнай-газ кеніштері мәселелерін шешудің Иранның ядролық келісіміне қайта қойылу-қойылмауына еш қатысы жоқ»,-деді.