Ливан Хизбулласы сионистік режимге тағы ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i63562
Ливан қарсыласу қозғалысы "Кариш" мұнай-газ кенішіне ұшқышсыз ұшақтар жіберілгенінен бір ай өткен соң видео таратып, сионистік режимге тағы ескерту жасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 29, 2022 16:10 Asia/Almaty

Ливан қарсыласу қозғалысы "Кариш" мұнай-газ кенішіне ұшқышсыз ұшақтар жіберілгенінен бір ай өткен соң видео таратып, сионистік режимге тағы ескерту жасады.

Бұл видеода Ливан Хизбулласының Ливан мен Палестина шекарасында сионистік режимнің газ өндіруге арналған кемелерін жіті бақылап отырғаны көрсетілген.    

Ливан қарсыласу қозғалысы "Тек бірер күн мұрсаттарыңыз бар" деген атаумен сионистік режимге аталмыш кемелердің қарсыласу зымырандары жететін жерде орналасқанын ескертті.

12 мордадта (3 тамыз) жасалған ескертуде Хизбулла Ливан мен сионистік режим арасындағы даулы газ кеніші үстінен үш бейбіт ұшқышсыз ұшақтың ұшқанын хабарлаған болатын.