Иран Ішкі істер министрі Ирак Премьер-министрімен Арбағин зияратшыларының қатынасын жеңілдету туралы сұхбаттасты
Қыр 09, 2022 16:43 Asia/Almaty
ИИР Ішкі істер министрі Ирак Премьер-министрімен кездесіп, Арбағин зияратшыларының қатынасын жеңілдету туралы кеңесті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмад Вахиди мен Ирак Премьер-министрі әл-Каземи Бағдадта кездесіп, көршілес елдердің екіжақты қарым-қатынасы, өзара әріптестікті нығайту жолдары және екі халықтың мүддесіне сай салаларда үйлесімді әрекет ету мәселелерін талқылады.
Осы кездесуде ирандық зияратшылардың Иракқа кіріп-шығуын жеңілдету жолдары, оларды орналастырып, қолдау көрсету үшін жасалып жатқан талпыныстарды талқылады.