Иран мен Сирия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Sun, 23 Oct 2022 13:45:50 GMT )
Қаз 23, 2022 19:45 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран мен Сирия Сыртқы істер министрлері кейбір екіжақты мәселелер, аймақтық және халықаралық сахналардағы ортақ талпыныстар жөнінде сұхбаттасты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан жексенбі күні Фейсал Микдадпен телефон арқылы сұхбатында ИИР-ның ислам әлеміне қатысты, әсіресе Палестина мәселесі, қарсыласу қозғалысы және Сирия үкіметі мен халқын қолдауға қатысты қисынды да принципті ұстанымдарын жалғастыра беретінін баса айтты.

Иран Сыртқы істер министрі: "Саяси қысымдар мен үгіт-насихаттар Иран үкіметінің тәуелсіз даму жолын жүріп өтуге, аймақ елдерінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қолдауына және бөгделер мен сионистік режимнің ішкі іске араласуына қарсы тұруына деген ерік-жігерін мұқалта алмайды. Иран халқы дұшпандардың қастандықтарына қырағылықпен тойтарыс береді",-деді.

Фейсал Микдад та бөгде күштердің адам құқығын қорғау сылтауымен Сирия ісіне араласуының ащы салдарына тоқталып, сионистік режим мен оны демеушілердің Сирия үкіметі мен халқына қарсы қастандықтары мен дағдарыс тудыру талпыныстарының жеңіліске ұшырағанын айтып: "Олар тәуелсіз елдерде, соның ішінде ИИР-да дағдарыс тудыруды көздейді",-деді.

Тегтер