ДАИШ-тің мұнай министрі өлтірілді
(last modified Sat, 30 Apr 2016 08:43:38 GMT )
Сәу 30, 2016 14:43 Asia/Almaty
  • ДАИШ-тің мұнай министрі өлтірілді

ДАИШ лаңкестік тобының мұнай министрі Вахид әл-Сабави Иракта өлтірілді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирак әскери күштерінің Мосул қаласының оңтүстігіндегі әл-Қиара өңірінде орналасқан ДАИШ позицияларына жасаған шабуылы кезінде ДАИШ-тің мұнай министрі Вахид әл-Сабави мен аталмыш топтың аға командирлерінің бірі Фарман Хади Хамад өлтірілді.

Мұнай – бүгінде Сирия мен Ирактың ауқымды аймақтарын басып алған ДАИШ лаңкестік тобының өзін қаржылай қамтамасыз етудің негізгі қайнар көзі.

Al Alam ақпарат агенттігінің Al Quds Al Arabi ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, ДАИШ-тің позицияларына әуе шабуылдары басталғанға дейін аталмыш топтың халықаралық қаржы орталықтары мұнай өндірісін жылына 800 млн доллар, яғни күніне 2 млн доллар деп бағалаған болатын.